14 желтоқсан 2022 17:25

Алматы тауларынан табылған қар барысы өлді: асқазанынан пакет анықталған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Іле-Алатау ұлттық паркінің бөктерінен бір апта бұрын табылған қар барысы өліп қалды. Бұл туралы Алматы хайуанаттар бағы өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Іле-Алатау ұлттық паркінің бөктерінен бір апта бұрын табылған қар барысы өліп қалды. Бұл туралы Алматы хайуанаттар бағы өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Қазнетте барыс адамдарға көмек іздеп шыққаны туралы видео пайда болған еді. Аң аянышты халде көрінген, тіпті өтіп бара жатқан техниканың дыбысын елемеген. Оны тапқан қызметкерлер бірден мамандарға жүгінді.

Оқиға орнына Іле-Алатау ұлттық паркінің, Зоология институтының қызметкерлері және хайуанаттар бағының ветеринария дәрігерлері барған. Барыс сағат 23:50-де табылған. Жануардың жағдайы өте ауыр болған. Табылған жерде оған көмектесу мүмкін болмаған, дәл диагноз қож қажет болған. Зерттеу жүргізу үшін жедел материалдар алынған: ПТР-сынамалар және қан. Кейін жануарды Алматы хайуанаттар бағына жеткізу туралы шешім қабылданған.

Instagram/AlmatyZoo

"Бірақ, өкінішке қарай, кеш болды. Хайуанаттар бағына келгеннен кейін ол бірден өліп қалды. Іле-Алатау ұлттық паркінің, Зоология институтының және ҚазҰАЗУ-дың мамандарымен патология-анатомиялық аутопсия жүргізілді. Гельминттер көптігінен бөлек, жануар асқазанынан полиэтилен пакеті табылды. Барыстың тістері түскен, ол аң аулай алмаған", - деді Алматы хайуанаттар бағы өкілі.

"Жануар өлді. Біз оны қайтара алмаймыз. Бірақ сабақ алу арқылы басқа жабайы табиғаттың өмірін сақтап қалуға болады! Табиғатқа ұқыпты қарау өте маңызды! Тауда қоқыс, әсіресе, тамақ иісі бар полиэтилен пакеттерді лақтырмаңыздар! Құтқару - әрқайсымыздың кішкентай көмегіміз. Көп болып 0ана табиғатымызды сақтай аламыз", - дейді мамандар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети