15 наурыз 2015 20:38

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан 22 шақырым қашықтықта магнитудасы 6.3-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.


Алматыдан 22 шақырым қашықтықта магнитудасы 6.3-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша 20.01-де болды. Зілзала эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 22 шақырым жерде - Қазақстан аумағында болды. Оның энергетикалық класы - 12.6. Жерасты дүмпулерінің ошағы 20 шақырым тереңдіктен анықталды. Алматыда жер сілкінісі 4-5 балл түрінде сезілді. Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ. 

Еске салайық, мұның алдында 10 наурыз күні Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 95 шақырымда магнитудасы 4,2-ге тең жер сілкінісі болды, оның эпицентрі Қазақстан аумағында болды. Сондай-ақ, 9 наурыз күні Алматыдан 290 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,3-ке тең жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында болған. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети