22 қаңтар 2015 18:12

Алматы тұрғыны үш бөлмелі баспанасын босататын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Владимир Дмитриев ©Владимир Дмитриев

Алматы қаласында үш бөлмелі пәтердің ақшасын төлей алмаған азамат үйінен шығарылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алатау аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол пәтерді "Ақкент" тұрғын үй кешенінен Ayt Housing Complex жауапкершілігі шектеулі серіктесітігімен келісімшарт жасап алған.

Аудандық соттың мәліметінше, мүлікті сатып алу-сату келісімшарты 2010 жылы қарашада жасалған. Бірақ келісімге сәйкес, пәтер ақысы толық төленбейінше жеке тұлғаның атына жазылмайды, яғни пәтерді алған азамат келісімшартқа қол қойған кезден бастап ай сайын ақша төлеуі тиіс болған. Бірақ ол 2012 жылдың 23 қарашасынан 2014 жылдың 29 қыркүйегіне дейін ақша төлемей, оның қарызы 8 285 127 теңгеге жеткен.

Заңды тұлға ақша төлемеген азаматты сотқа беріп, жеңіп шықты. Енді ол үйінен шығарылады және 926 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын төлейді.

"ҚР Азаматтық кодексінің 272-бабына сәйкес, міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес міндеттер тиісінше орындалуға тиіс. Кодекстің 260-бабына сәйкес, меншік иесі өзгенің заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы. Сондықтан сот талапкер Ayt Housing Complex ЖШС-нің жауапкерге қатысты үйден шығару туралы талап арызын қанағаттандырды", - делінген хабарламада.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети