28 қыркүйек 2014 17:37

Алматыда Әуезов театрының маңында 40 адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әуезов атындағы театр. Фото Тengrinews.kz мұрағатынан Әуезов атындағы театр. Фото Тengrinews.kz мұрағатынан

Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы драма театры маңында жаппай төбелеске жол берілмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы драма театры маңында жаппай төбелеске жол берілмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, жаппай төбелесуге жиналғандар футбол жанкүйерлері болуы мүмкін. Олардың  бүгін, 28 қыркүйек күні сағат 18.00-де Орталық стадионда өтетін "Қайрат" және "Ақтөбе" командалары арасындағы матчқа келуі ықтимал. 

Назар аударыңыз! Видеода былапыт сөздер бар. 

"Жол-патруль полициясы қызметкерлері жаппай төбелестің жолын кесті. Әуезов атындағы театрдың жанына 40-қа жуық адам жиналған, жағдайды одан әрі анықтау үшін олардың бәрі аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді", - деді Әзірбек. 

Оқиғаның мән-жайы кейінірек хабарланатын болады.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети