03 тамыз 2016 17:53

Алматыда автобус жасаған жол апатының мән-жайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Алматыда автобус жасаған жол апатынан 11 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда автобус жасаған жол апатынан 11 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Green Bus ЖШС директоры Бауыржан Күлішев жол апатына №92 бағыттағы автобустың ұшырағанын нақтылады. 

Оның айтуынша, жол апатынан 11 адам зардап шеккен. Барлығы ауруханаға жеткізіліпті. Автобус паркіне бұл оқиға жайлы басқа автобустың жүргізушісі хабарлапты. Қазіргі уақытта полицейлер мен автобус паркінің қызметкерлері болған оқиғаның себебін анықтап жатыр. "Қазір жағдайды анықтап жатырмыз. Жүргізуші не ұйықтап кеткенін, не талып қалған болуы мүмкін. Дұрыстап түсіндіріп те бере алмады. Оны жедел жәрдем алып кетті. Біз ол жаққа өз қызметкерлерімізді жібердік, мәселемен солар айналысып жатыр", - деді ол.

Ал СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі оқиға орнына барып, жолаушылар автобусының Сүйінбай даңғылымен оңтүстікке қарай жүріп бара жатқанда жол-көлік оқиғасын жасағанын анықтады. Қоғамдық көліктің жүргізушісінің алдын туннельге кірген кезде басқа бір көлік кесіп өтіп, содан жүргізуші қабырғаға соғысып қалған.


© "Территория происшествий"

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети