20 мамыр 2015 13:05

Алматыда балалар алаңына барып соғылған көлік 5 жасар бүлдіршінді басып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Роза Есенқұлова ©Роза Есенқұлова

Алматыдағы "Таугүл-1" шағынауданында жол талғамайтын көлік балабақша алдындағы балалар алаңына барып соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 5 жасар бүлдіршін қаза болды.


Алматыдағы "Таугүл-1" шағынауданында жол талғамайтын көлік балабақша алдындағы балалар алаңына барып соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 5 жасар бүлдіршін қаза болды.

Куәгерлердің айтуынша, қара түсті Toyota Land Cruiser автомобилі балалар алаңына барып соғылды. Оқиға кезінде балалар алаңында 26 бала ойнап отырған. Салдарынан 1 бүлдіршін қаза болды, тағы сегізі жарақат алды. Зардап шеккендер бас және дене жарақаттарымен ауруханаға әкетілді. Абдырап қалған ата-аналар өз балаларын оқиға орнынан шұғыл түрде алып кетіп жатыр. Тәрбиешілердің айтуынша, оқиға бір мезетте болды, қатты соққы болып, автокөлік балалар алаңынан бірақ шықты.

Оқиға орнында жедел жәрдемнің 3 бригадасы, құқыққорғаушылар жұмыс істеп жатыр. Балабақшаға баратын жол қоршауға алынды. Куәгерлердің айтуынша, автомобиль тізгінінде әйел адам болған. Ата-аналар жол талғамайтын көліктің жүргізушісін көрсетуді талап етіп жатыр. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети