03 маусым 2014 19:00

Алматыда баспананың 200 шаршы метрі өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Роза Есенқұлова ©Роза Есенқұлова

Алматыда Медеу ауданындағы жеке секторда бір үй өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.


Алматыда Медеу ауданындағы жеке секторда бір үй өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Оқиға орнына өртке қарсы қызметтің төрт тобы келді. Өрт кезінде өзін жайсыз сезінген тұрғындардың біріне медициналық жәрдем көрсетілді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өрт шамамен 16.00-де шаруашылық нысанынан басталған, жалын жылдам жайылып, жеке үйге ауысқан. Көшкінов көшесі тым тар болғандықтан, өртке қарсы қызмет топтарының оқиға орнына келуі қиындап кетті. Тілсіз жау барлығы 200 шаршы метрге жуық ауданды шарпыған.

Еске салайық, 3 мамыр күні Алматының Түрксіб ауданында ірі өрт болған еді. Жалын әуежай маңындағы қоймаларды шарпыды. Барлығы 800 шаршы метр аумақ өртке оранған болатын. Бұл қоймаларда құрылыс жабдықтары болған. 

Мұның алдында ірі өрт ақпан айында болды. Әуезов және Гоголь көшелерінің қиылысындағы арақ-шарап өнімдері сақталатын қоймалар жанып кетті. 2000 шаршы метр аумақты өрт шалды. Зардап шеккендер болған жоқ, кейбір мәліметтер бойынша келген шығын бірнеше миллион теңгеден асады.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети