21 қыркүйек 2015 16:04

Алматыда болған ірі жол апатынан трамвайды жүргізетін әйел зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Шоқан Алхабаев © Шоқан Алхабаев

Алматыда болған ірі жол апатынан трамвайды жүргізетін әйел зардап шекті, ол ауруханаға жатқызылды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек баспасөз мәслихатында хабарлады.


Алматыда болған ірі жол апатынан трамвайды жүргізетін әйел зардап шекті, ол ауруханаға жатқызылды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек баспасөз мәслихатында хабарлады.

Полицияның мәліметінше, 14 көлікті соққан трамвайды 1983 жылғы келіншек жүргізеді. Полиция өкілдерінің айтуынша, болжамдарға қарамастан, жүргізуші келіншек стажер емес, керісінше, тәжірибелі жұмысшы екен. Оның қандай жағдайда жарақат алғаны нақтыланбай отыр. Сонымен қатар, ІІД өкілдері жол апатынан зардап шеккендердің көбейгенін хабарлады. Көлік апатының дерегіне байланысты соталды тергеу жүріп жатыр.

Осыған дейін куәгерлер Алматыда болған жол-көлік оқиғасы туралы Tengrinews.kz тілшісіне айтып берген болатын. Олардың айтуынша, бірнеше автомобильді соққан трамвайдың жүргізушісі болмаған. Колледж студенті Самал Жұмаханованың айтуынша, №4 трамвай Байтұрсынов пен Шевченко көшелерінің бойында тоқтап, жолаушыларды түсірген. Кейін жүргізуші шығып, көлікті жөндей бастаған. Қыздың айтуынша, бұл уақытта трамвай Байтұрсынов көшесінің бойымен өздігінен жүріп кетіп, жолдың жиегінде тұрған оннан астам көлікті соғыпты. Осыған дейін жол-көлік оқиғасында автомобиліне зақым келген жүргізушілердің бірі бір қыздың жарақат алғанын айтып берген еді. Ол жолдан өтіп бара жатқан. Ол ауруханаға жеткізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети