19 наурыз 2015 15:11

Алматыда букмекер кеңсесіне соғылған көліктің жүргізушісі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СТВ/Территория происшествий ©СТВ/Территория происшествий

Алматыда букмекер кеңсесіне соғылып, оқиға орнынан қашып кеткен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда букмекер кеңсесіне соғылып, оқиға орнынан қашып кеткен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбектің мәліметінше, бұл дерек аудандық ішкі істер басқармасында сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркеліп, әкімшілік полициясы іздестіру бөлімінің қызметкерлері оқиға орнынан қашып кеткен адамның кім екенін бірден анықтаған.

"Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушінің Алматы қаласы Медеу ауданының 27 жастағы тұрғыны екені анықталды. Қазіргі таңда ол жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан қашып кеткені үшін және көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Әзірбек. Айта кетейік, ұсталған азаматтың бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда BMW автокөлігінің ғимаратқа соғылып, жанып кеткені хабарланған болатын. Оқиға 18 наурызда сағат 06.00 шамасында болды. Ақан сері көшесімен батысқа қарай бет алған автокөлік жол беруді ескертетін белгіге қарамастан, Сейфуллин даңғылынан көше қиылысына қарай өте шыққан. Сөйтіп, рульге ие бола алмаған жүргізуші букмекерлік кеңсенің ғимаратына соғылды. Букмекер кеңсесіне соғылған көлік өртене бастады. Ал оның жүргізушісі жанып жатқан көліктен шығып үлгеріп қана қоймай, оқиға орнынан қашып та кетті.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети