02 маусым 2015 17:46

Алматыда бүлдіршіннің қорқор шегуіне жол берген дәмхана иесі жауапқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© yvision.kz / қолданушы Нұрайым Бақытжанова © yvision.kz / қолданушы Нұрайым Бақытжанова

Алматы полициясы бүлдіршіннің қорқор шегуіне жол берген дәмхананың иесін жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы полициясы бүлдіршіннің қорқор шегуіне жол берген дәмхананың иесін жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, қорқор шегіп отырған кішкетай баланың суреттері 29 мамыр күні Интернетте жарияланды. Бұл дерек қоғамда қызу талқыға түсті. Кейін дәмхананың Қабанбай батыр көшесінен төмен, Абылай хан даңғылында орналасқаны белгілі болды. Дәмхана иесі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің "Жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын
тұтынуға тыйым салуды бұзу" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Нәтижесінде 28 жастағы ер адамға 10 АЕК көлемінде (19 820 теңге) айыппұл салынды", - деп хабарлады қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының жасөспірімдер ісі бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева. Оның айтуынша, қазіргі таңда ұл баланың анасының кім екені анықталып жатыр, баласына лайықсыз тәрбие берген ол жауапқа тартылатын болады.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети