26 қараша 2015 14:51

Алматыда дәрігерлерді соққыға жыққан адамның кім екені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Полиция Алматыда дәрігерлерді соққыға жыққан адамның кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Полиция Алматыда дәрігерлерді соққыға жыққан адамның кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл дерек "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Қазіргі таңда күдіктінің кім екені анықталды. Аудандық ІІБ жедел бөлімшесі күдіктіні ұстап, қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларын қолға алды", - деп хабарлады ІІД мамандары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда жедел жәрдемнің екі дәрігерінің соққыға жығылғаны хабарланған болатын. Дәрігерлер 26 қарашада, шамамен сағат 03.00-де соққыға жығылған. Зардап шеккендердің біреуі аса ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасындағылар дәрігерлерге шабуыл жасау оқиғаларының соңғы кездері жиілеп кеткенін хабарлады.

Полициядағылардың мәлімдеуінше, екі күн бұрын осыған ұқсас оқиға Алматының Медеу ауданында тіркелді. "Жергілікті тұрғындардың бірі дәрігерлердің көмегіне жүгініп, мас күйінде жедел жәрдем көлігінде медицина қызметкеріне шабуыл жасады. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, тергеу қорытындысына сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады", - деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети