04 маусым 2014 09:31

Алматыда екі жұмысшы топырақ астында қалып қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет. © "Территории происшествий". Иллюстрациялық сурет. © "Территории происшествий".

"Алматыда екі жұмысшы топырақ астында қалып қайтыс болды" деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.


"Алматыда екі жұмысшы топырақ астында қалып қайтыс болды" деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 3 маусым күні шамамен сағат 17:00-де Қалқаман-2 ықшамауданында орын алған. Су құбырларын алмастыру жұмыстарын жүргізу кезінде жоғарыдан топырақ құлап, салдарынан "Нұржол строй" ЖШС-нің екі жұмысшысы, 41 жастағы Б.Нүсіпбаев пен 40 жастағы Б.Таңғатаев оқиға орнында көз жұмған.

Ал 2 маусым күні Алматыда бетон төсемелерді жоғарыға көтеру кезінде жүк көтергіш кранның ілгегінен шығып кеткен бетон 24 жасар жұмысшының үстіне түсіп, басып қалған. Жәбірленуші жарақат салдарынан сол сәтте қайтыс болған. Оқиға Торайғыров көшесінде жылу жүйесінің астына бетон төсеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде орын алған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети