24 шілде 2015 12:54

Алматыда еріктілер селден зардап шеккендерге азық-түлік жинап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Прокопенко © Владимир Прокопенко

Қазақстанда Қызыл Жарты ай қоғамының еріктілері 23 шілдеде жүрген селден зардап шеккен Наурызбай батыр ауданының тұрғындарына азық-түлік жинап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда Қызыл Жарты ай қоғамының еріктілері 23 шілдеде жүрген селден зардап шеккен Наурызбай батыр ауданының тұрғындарына азық-түлік жинап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйымның Facebook парақшасындағы хабарламада 200 отбасының сусыз, электр жарығынсыз, газсыз қалғандары, сондықтан да олардың тамақ істеп жей алмай отқандары жазылған. Осыған орай Қызыл Жарты ай мүшелері қазақстандықтарды көмектесуге шақырды. Яғни, тамақ, азық-түлік, су мен сусындар, резеңке етіктері керек. Сонымен қатар, өз көлігі бар еріктілер мен аймақты тазалап, азық-түліктерді тарататын адамдар да керек.

"Дайын тамақ, су мен етіктерді бірден Қали Надыров, 50 көшесіндегі №192 мектепте орналасқан штабымызға апарғандарыңыз жөн. Сол жерде сіздерді күтіп алады. Осылайша біз уақыт үнемдейміз. Байланысу үшін: +7-700-400-85-25 (Антон), +7-775-170-57-56 (Руслан) номерлеріне хабарласыңыздар. Сонымен қатар, сіз Қонаев, 86 көшесіндегі (Төле би көшесімен қиылысында) мекен-жайымызға да келе аласыз. Байланысу үшін: +7 (727) 291-62-91, +7-705-149-32-55 (Илья) номерлеріне хабарласыңыздар.

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Сел болған аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланды. Олардың көбі №176 орта мектеп пен Наурызбай аудандық әкімдігіне орналастырылды. Қала басшылығы зардап шеккендерге көмек көрсетуге сөз берді. Селден келген шығынның көлемі оның салдарын жою шараларынан кейін анықталады.

 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети