09 тамыз 2017 14:44

Алматыда ерсі қылығы видеоға түсіп қалған дәрігер жұмыстан қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда ерсі қылығы видеоға түсіп қалған дәрігер жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі


Алматыда ерсі қылығы видеоға түсіп қалған дәрігер жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Алматы қалалық №13 қалалық емхананың әкімшілігі видеодағы дәрігердің емханада жарты ақыға бес жылдан аса уақыт жұмыс істегенін растады.

"№13 қалалық емхананың әкімшілігі бұл оқиғаны тексерді. Офтальмолог дәрігер расында да бұл емханада жарты ақыға жұмыс істеді. Қызметі барысында оған қатысты ешқандай шағым айтылған жоқ. Тәжірибелі дәрігер. Науқастарды күнделікті сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін қабылдайтын. Осыған дейін келушілерді қабылдау кезінде мұндай ерсі қылық көрсетпеген",  делінген хабарламада.

Емхана әкімшілігінің бастамасымен комиссия құрылып, комиссия шешімі бойынша офтальмолог дәрігер 2017 жылдың 8 тамызынан бастап қызметінен босатылды. Бас дәрігердің орынбасары мен арнайы көмек бөлімінің меңгерушісіне медициналық көмек көрсету пен тәртіптің төмендеуіне байланысты сөгіс жарияланды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда дәрігер науқасты қарау кезінде ыңғайсыз қылық көрсеткені жайлы айтылған болатын. "Мен оны дәлізде көріп қалдым. Содан кабинетке кіріп, еңбекке жарамсыздық туралы парақшамды жауып беруін сұрадым. Камерамды да қосып қойдым. Видеодан оның қандай күйде отырғаны көрініп тұр. Дәлізде кезекте тұрған адамдар да оның осындай күйде жиі жүретінін айтты. Біз оны өткен жолы да көргенбіз, бірақ ол сол кезде соншалықты мас болған жоқ еді. Дәрігерлер де, науқастар да бұл дәрігер жайлы біледі", - деген еді видеоның авторы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети