30 қараша 2023 09:27

Алматыда хостелдегі өрттен зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы хостелден шыққан өрт салдарынан үш адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.


Алматыдағы хостелден шыққан өрт салдарынан үш адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

"2023 жылғы 30 қараша Әди Шәріпов көшесіндегі өрттен зардап шеккен үш адам сағат 08:40-қа дейін жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін екі адам ауруханаға түскені айтылған еді. Науқастың бірі көмірқышқыл газымен улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Екінші науқас барлық тексеруден кейін ұсыныстармен амбулаторлық емдеуге жіберілді, - делінген хабарламада.

Ресми деректер бойынша, өрт орнынан 59 адам эвакуацияланған.

"Қазір 56 адам жақын маңдағы мектепкк уақытша орналастырылды. Ыстық тамақ берілді, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі. Бір сағат ішінде ауданның қонақ үйлеріне орналастырылады".

Барлық зардап шеккен адамға толық көлемде қажетті медициналық көмек, соның ішінде психологиялық көмек көрсетілетіні айтылған.

Өрт орнына 7 жедел медициналық қызмет бригадасы жұмылдырылды.

Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Алдын ала деректер бойынша, 13 адам қаза тапқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети