28 сәуір 2014 14:24

Алматыда инкассаторлар көлігі аударылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СТВ/"Территория происшествий" ©СТВ/"Территория происшествий"

Алматыда инкассаторлардың автокөлігі аударылып қалды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Оқиға салдарынан бес адам түрлі деңгейде жарақат алды.


Алматыда инкассаторлардың автокөлігі аударылып қалды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Оқиға салдарынан бес адам түрлі деңгейде жарақат алды.

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 12.00 шамасында Сүйінбай даңғылының Рысқұлов даңғылынан төмен тұсында болды. Инкассаторлар көлігі оңтүстік бағытпен келе жатып, қарсы бағытпен қозғалған Toyota Windom-мен түйіскен. Әзірше жол-көлік оқиғасына кімнің кінәлі екені белгісіз. Оқиғаның салдарынан инкассаторлық көліктегі екі адам мен Toyota салонындағы үш адам зардап шекті. Апат орнына өртсөндіру қызметі келгенімен, олардың көмегі қажет болған жоқ. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда Lexus автокөлігінің жерасты өткеліне түсіп кете жаздағаны хабарланған еді. Абай даңғылымен келе жатқан көлік Достық даңғылының қиылысында аударылған. Салонда екі қыз болды. Олардың бірі рульге ие бола алмай, жаяулар жолына ұшып кеткен, көлік қоршаудан асып түсіп, жерасты өткелінің бетон қалқанына соғылды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети