30 қазан 2023 15:55

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам зардап шекті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматыдағы Сайын көшесінде жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео пайда болды.


Алматыдағы Сайын көшесінде жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео пайда болды.

Кадрларда көліктердің қирағанын көруге болады. Бір көліктің аунап жатқаны көрінеді. Жол апаты көлік кептелісін тудырды.

Алматы ПД Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі мәліметінше, бұл жол-көлік оқиғасы 29 қазанда сағат 21:00-де Алматының Бостандық ауданында болған.

"Exeed маркалы автокөлік жүргізушісі әл-Фараби даңғылының бойымен батыс бағытта келе жатып, арақашықтық сақтамай, сол бағытта келе жатқан Mazda көлігімен соқтығысып, содан кейін Cadillac көлігін соққан", - делінген Алматы полициясы хабарламасында.

Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті - Mazda көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы.

"Бұл жол-көлік оқиғасын Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері назарға алып, тиісті сараптамалар тағайындалады", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.14   490.7   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети