26 қазан 2015 09:43

Алматыда жаппай төбелеске қатысқан 10 адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Тengrinews.kz Иллюстрация © Тengrinews.kz

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болған жаппай төбелеске қатысқандардың барлығы ұсталып, УҰИ-ға қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болған жаппай төбелеске қатысқандардың барлығы ұсталып, УҰИ-ға қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД мәліметінше, жаппай төбелеске қатысқан он адам ұсталды. "Оқиғаның қай жерде болғаны бірден анықталды. Ол біздің ауданда орналасқан сауда орталықтарының бірінде 18 қазан күні түнде болған. Орталықтың екінші қабатында орналасқан дәмханалардың бірінің күзетшілері мен олардың таныстарының төбелескені анықталды. Сауда орталығы қауіпсіздік қызметінің түсіндіруі бойынша, олар жанжалды өз күштерімен бірнеше минутта реттеп, оқиғаны полицияға хабарламаған. Сонымен қатар, бұл дерекке қатысты "Бұзақылық" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады Бостандық аудандық ІІБ басшысы Берік Әбілбеков.

Төбелеске қатысқандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Таяуда оларға қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалады.

Еске сала кетейік, оқиғаның видеосы 20 қазанға қараған түні жарияланды. Алматы полициясы қаладағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде болған жаппай төбелеске қатысушылардың аты-жөндерін анықтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети