16 ақпан 2017 14:46

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы Әуезов ауданында 16 ақпанға қараған түні жаяу жүргінші қаза тапқан жол апаты болған жерден қашып кеткен жүргізушісі ұстады, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы полициясы Әуезов ауданында 16 ақпанға қараған түні жаяу жүргінші қаза тапқан жол апаты болған жерден қашып кеткен жүргізушісі ұстады, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы Абай көшесінен төмен жерде Сайын көшесінің бойында болған. Skoda жүргізушісінің айтуынша, ол Сайын көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Бір мезетте жол бойына жасы 25-30 аралығындағы ер адам жүгіріп шыққан. Дереу көлікті тоқтатып үлгермеген жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Сонымен қатар, жүргізушінің айтуынша, оның артында (мемлекеттік номерін жаттап үлгермеген) ақ түсті Toyota маркалы автокөлігі келе жатқан, ол жаяу жүргіншіні басып өтіп, оқиға орнынан қаша жөнелген. Skoda жүргізушісі оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция шақырған.

Полициядағылар дереу арнайы топ құрып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушінің ізіне түскен. Ол Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғыны 1969 жылғы ер адам екені анықталған. 

"Біз оның үйіне барғанымызда ол үйінде болды. Ол түнде болған оқиғаны Сайын көшесінің бойында ит қағып кеттім деп ойлаған. Қазіргі уақытта біздің бөлімнің қызметкерлерін Toyota Camry  жүргізушісін процессуалдық әрекетті ары қарай жүргізу үшін анықтау басқармасына тапсырған", - деді Алматы қаласы ІІД-нің жергілікті полиция қызметінің іздеу бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков. 

Осы іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3 бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы - абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеті") және 347-бабы ("Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу") бойынша іс жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында арнайы сараптамалар тағайындалды. 


© "Территория происшествий" бағдарламасы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети