05 тамыз 2015 11:49

Алматыда жол апаты кезінде автокөлік жарнама тумбасын құлатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Территория происшествий ©Территория происшествий

Алматыда автомобиль жол апаты кезінде жарнама тумбасын құлатып тастады, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 5 тамыз күні таңертең Төле би мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында болды.

Куәгерлердің айтуынша, Mercedes және "Лада" маркалы автомобильдер Наурызбай батыр көшесімен жоғары қарай жүріп бара жатқан. Қиылыста Mercedes жүргізушісі екінші қатардан солға бұрылып, "Ладаны" іліп кетті. Соққыдан ресейлік көлік жолдан шығып кетіп, жарнама тумбасына барып соғылды.

Жол-көлік оқиғасынан "Лада" жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті. Оларды жедел жәрдем қызметі әкетті. Mercedes жүргізушісі дін аман. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети