19 желтоқсан 2014 11:53

Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СТВ/"Территория происшествий" ©СТВ/"Территория происшествий"

Алматыда көліктердің бетпе-бет соғылуынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда көліктердің бетпе-бет соғылуынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Розыбакиев және Өтепов көшелерінің қиылысында болды. Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатып, қарама-қарсы бағытқа шығып кетті де, Mercedes Benz-пен бетпе-бет соғылды. Көліктер жол жиегінде тұрған Lexus пен Toyota Camry-ді қақты.

Оқиға салдарынан Nexia жүргізушісі мен оның екі жолаушысы зардап шекті. Куәгерлердің айтуынша, көліктің артқы орындығында отырған бір қыз алдыңғы әйнектен шығып кете жаздаған. 

Еске сала кетейік, осындай жол-көлік оқиғасы Алматыда қазан айының басында болған еді. Lexus автокөлігінің жүргізушісі Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, жаяу адамды өткізіп жіберу үшін аялдаған. Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан Mitsubishi Galant жаяу адамды кеш байқап, солға оқыс бұрылады да, қарама-қарсы бағытқа шығып кетеді. Сол кезде ол Lexus автокөлігімен соқтығысып қалды. Mitsubishi Galant көлігінің 1982 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Оны автокөліктен алып шығу үшін құтқарушылардың көмегіне жүгінуге тура келді.
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети