02 ақпан 2015 11:42

Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш бала зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СТВ/Территория происшествий ©СТВ/Территория происшествий

Алматының Шаңырақ ықшамауданында жол-көлік оқиғасынан 3 бала зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Оқиға 31 қаңтарда таңғы мезгілде болған. 


Алматының Шаңырақ ықшамауданында жол-көлік оқиғасынан 3 бала зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Оқиға 31 қаңтарда таңғы мезгілде болған. 

Lada Granta автомобилі шығыс бағытта жүріп келе жатып, солға қарай бұрыла бастайды. Осы уақытта оны батысқа қарай жүріп келе жатқан Toyota Camry 40 автокөлігі соғады. Toyota Camry 40 көлігінде 3 бала болған: екі қыз бала және бір ер бала. Біреуінің аяғы сынып, екеуінің миы шайқалды. 

Toyota Camry 40 көлігінің жүргізушісі, балалардың әкесі басты жолмен келе жатса да, оған Lada Granta автокөлігі жол бермегенін айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы облысында төрт автокөліктің соғысып, бір адамның қаза тапқаны және тағы төрт адамның жарақат алғаны хабарланған болатын. Оқиға 16 қаңтарда таңғы уақытта Қаскелең тас жолының 19-шақырымында болды. Mercedes маркалы автобус батыс бағытта келе жатып, қарама-қарсы жолға шығып кетеді де, Volkswagen автокөлігімен соғысады. Оның салдарынан автобус айналып барып, шығысқа бағытта кетіп бара жатқан Mercedes 124 және Mitsubishi Galant автокөліктерімен түйісіп қалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети