03 қыркүйек 2014 11:40

Алматыда жүк көлігі бір қызды басып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Алматыда бір қыз жүк көлігінің астына түсіп қалып, қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы 3 қыркүйек күні 09.30 шамасында Медеу ауданында, Сәтбаев және Луганский көшелерінің қиылысында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда бір қыз жүк көлігінің астына түсіп қалып, қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы 3 қыркүйек күні 09.30 шамасында Медеу ауданында, Сәтбаев және Луганский көшелерінің қиылысында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнында болған полицейлердің мәліметінше, Қытайда шығарылған жүк көлігі Луганский көшесімен оңтүстік бағытқа қарай келе жатып, оң жаққа - Сәтбаев көшесіне бұрылмақ болды. Сол кезде 14-16 жас шамасындағы қыз құрбысымен бірге Сәтбаев көшесін кесіп өтіп бара жатқан. 

Әзірше оқиғаның себебі белгісіз. Алғашқы жорамал бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі жаяуларды байқамай қалғанға ұқсайды. Қыздың бағдаршамның қызыл немесе жыпылықтаған жарығы жанған кезде жүгіріп өтпек болуы да ықтимал. Жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды, ол полицияға жауап беріп жатыр.

Еске сала кетейік, осындай оқиға 2011 жылы болған еді. Жүк көлігінің жүргізушісі Сәтбаев және Розыбакиев көшелерінің қиылысында егде әйелді қағып кеткен болатын. 83 жастағы зейнеткер оқиға орнында жан тапсырды. Ал 2010 жылы үлкен жүкті көлік Бөкейханов және Ұйғыр көшелерінің қиылысында жаяулар жолынан өтіп бара жатқан әйелді басып кеткен еді. Зейнеткер ауруханада қайтыс болды. Fude-3256 көлігінің рулінде Қапшағай қаласының 26 жастағы тұрғыны болған, көлік Алматыдағы кәсіпорындардың біріне тиесілі.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети