01 қазан 2015 15:52

Алматыда жүк көлігі қолында сәбиі бар келіншекті қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gruzovikpress.ru © gruzovikpress.ru

Алматыда емшектегі баланы жүк көлігі басып кетті, оның жасы екі айға да толмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда емшектегі баланы жүк көлігі басып кетті, оның жасы екі айға да толмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін сағат 13.20-да Райымбек пен Розыбакиев көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кету бойынша хабар келіп түсті. Foton жүк көлігі жүргізушісінің қолында баласы бар әйелді көрмей, артқа қарай жүргені анықталды. Салдарынан 1958 жылы туылған әйел түрлі жарақатпен №7 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Емшектегі бала оқиға орнында көз жұмды, ол 2015 жылы тамызда туылған", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Қазіргі таңда құқық қорғау органдарының қызметкерлері ҚР ҚК 345-бабы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану
қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Егер жүргізуші кінәлі деп танылса, ол бес жылға дейін сотталуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети