15 ақпан 2018 17:31

Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалып, Ақтөбеден табылған жігітке қатысты жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Шамалған ауылында жұмбақ жағдайда жоғалып кетіп, Ақтөбеден аман-есен табылған 23 жастағы  Темірхан Иман-Зұппар Айуғанұлының туыстары такси жүргізушісіне алғыс білдіргісі келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Шамалған ауылында жұмбақ жағдайда жоғалып кетіп, Ақтөбеден аман-есен табылған 23 жастағы  Темірхан Иман-Зұппар Айуғанұлының туыстары такси жүргізушісіне алғыс білдіргісі келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 жастағы жігіт 13 ақпанда табылған болатын. Бұл туралы Қоғамдық Қауіпсіздік Кеңесі бастамашыл іздеу тобы Facebook желісінде хабарлаған еді.

"Темірханды такси жүргізушісі тауып берді. Оны кездейсоқ көріп қалып, тоқтаған екен. Темірханның киімсіз тұрғанын көріп, оған көмек керек деп ойлаған шығар. Сол жақтан Темірханды Ақтөбе аудандық ІІБ-не жеткізген. Такси жүргізушісімен дұрыс сөйлесе алмадық. Оған әзірше тек телефонмен алғыс білдірдік. Мүмкіндік болып жатса, оларға барып қайтамыз", - дейді жоғалып кеткен жігіттің әпкесі Баян Сейітова.

Сондай-ақ, Баян Сейітова Темірхан Иман-Зұппар Айуғанұлының Ақтөбеден ақпанның 14-нен 15-не қараған түні жеткізілгенін айтты.

"Ол Ақтөбеден шет жерден табылды. Үстінде киімі жоқ, есінде ештеңе жоқ. 6 ақпанда не болғанын білмейді. Кеше түнде үйге жеткізді. Қазір тексерістен өтіп жатыр. Жағдайды бір түрлі, түсініксіз. Психолог әзірше оған көп сұрақ қоя бермеуді сұрады. Енді онымен психолог жұмыс істейтін болады. Тек жұмысқа бара жатқаны есінде қалған екен. Әрі қарай не болғанын еске түсіре алмай тұр. Осыған дейін мұндай жағдай болған емес. Ертең дәрігерлер консилиум құрады. Алматыда тексеріледі. Қатты тоңып қалған, біраз жер жаяу жүрген, ешкім тоқтамаған. Сол кезде -21 градус суық болған еді. Денесінде ешқандай жарақат жоқ. Бірақ ол бүкіл денесінің ауырып тұрғанын және басы айналып тұрғанын айтып отыр", - дейді Баян Сейітова.

Зергерлік бұйымдарды жөндеумен айналысатын 23 жастағы Темірхан Иман-Зұппар Айуғанұлы 6 ақпанда жоғалған. Сол күні ол Алматыға кеткен, кейін Қырғызстанға шыққан. Бұдан кейін елге оралатын сәтінде ұшты-күйлі жоғалған. Темірханды еріктілер, туыстары және полицейлер бір апта іздеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети