24 қараша 2017 11:15

Алматыда жылу магистралінің жарылуы: Көлемі ойлағаннан ауқымды болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматыда Райымбек даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысы маңында жылу магистралі жарылысы, ойлағаннан ауқымды болып шыққан, сол себепті де 24 қарашада таңғы уақытта әлі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Алматы тұрғын үй шаруашылығы энергокешенінің ресми өкілі Ян Грин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда Райымбек даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысы маңында жылу магистралі жарылысы, ойлағаннан ауқымды болып шыққан, сол себепті де 24 қарашада таңғы уақытта әлі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Алматы тұрғын үй шаруашылығы энергокешенінің ресми өкілі Ян Грин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Диаметрі бойынша онда үлкен құбыр - 800 миллиметр. Жарылған жердің орны табылды, оның барлығын жамалып, дәнекерленді. Төтенше жағдайды қалыпқа келтіру үшін қазіргі уақытта басқа да жұмыстар жүріп жатыр. Бұл жерде жұмыс көлемі біз болжағаннан әлдеқайда ауқымды болып шықты. Жылу мен ыстық суды беру үшін барлық жұмысты аяқтаған сәтте хабарлайтын боламыз. Мектептер мен балабақшалар бірінші кезекте қосылатын болады", - деді Ян Гирин. 

Еске салайық, кеше, 23 қарашада Алматыда Райымбек даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысы маңында жылу магистралі жарылған еді. Алматы ТКШ және энергокешен кәсіпорындарының өкілі Ян Гириннің сөзінше, құбыр жарылғаны 15:40-та хабарланған. "Бұл жылу магистралінің диаметрі 800 миллиметр. 1990 жылы пайдалануға берілген. Пайдалану мерзімі аяқталды. Мұндай құбырлар 25 жылға есептелген. Алдын ала себеп - ескіру. Нақты себебі кейін белгілі болады. Жылу беру бірден тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ. Әзірге шығын көлемін анықтау мүмкін емес. Су басқан жерлер болуы мүмкін. Қандай да бір зиян келген болса, бекітілген тәртіп бойынша өтейміз", - дейді ол. 

"Бұл жылу магистралінің диаметрі 800 миллиметр. 1990 жылы пайдалануға берілген. Пайдалану мерзімі аяқталды. Мұндай құбырлар 25 жылға есептелген. Алдын ала себеп - ескіру. Нақты себебі кейін белгілі болады. Жылу беру бірден тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ. Әзірге шығын көлемін анықтау мүмкін емес. Су басқан жерлер болуы мүмкін. Қандай да бір зиян келген болса, бекітілген тәртіп бойынша өтейміз", - дейді ол. 

Ян Гириннің мәліметінше, 100-ге жуық нысанға ыстық су мен жылу беру тоқтатылды. Оның шінде 4 мектеп пен 2 балабақша, дегенмен, басым көпшілігі тұрғын нысандары емес (қоймалар мен өзге де нысандар). Жол жүру тоқтатылған жоқ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети