11 желтоқсан 2014 11:02

Алматыда қар тазалаушы машина жол апатына себеп болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Территория проишествий ©Территория проишествий

Алматыда қар тазалайтын машина жол-көлік оқиғасын жасады, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасы.


Алматыда қар тазалайтын машина жол-көлік оқиғасын жасады, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасы.

Жол-көлік оқиғасы 10 желтоқсанда кешкі уақытта Рысқұлов даңғылы мен Бөкейханов көшесінің қиылысында болды. Қар тазалайтын трактор Рысқұлов даңғылымен батысқа қарай жүріп келе жатып, неге екені белгісіз, оның жүргізушісі екі жолақты кесіп өтеді. Ол сол қатармен жолай келе жатқан BMW маркалы автокөлікті байқамай қалады.  

Соғысқаннан кейін BMW автокөлігі қарсы бағыттағы жолға шығып кетеді. Абырой болғанда қарсы жолда көлік жоқ болып, неміс көлігінің басқа да көліктермен соғыспады. Жол-көлік апатының нәтижесінде жапа шеккендер жоқ. Тергеу жүргізіліп жатыр. 

Еске сала кетейік, 7 желтоқсандағы қар көшкінінен Алматыда 41 жол апаты болды. Полицияның мәліметінше, Алматыдағы жол-көлік оқиғаларының көбі көлік құралдарының жазғы резеңкеден қысқыға ауыстырылмауынан болған. Құқыққорғау органдарының мәліметінше, жол апатынан 10 адам зардап шекті, қаза болғандар жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети