29 шілде 2015 | 10:20

Алматыда Қарғалы өзенінің арнасынан асқан су Райымбек даңғылына жайылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Almatynews.kz/ ©Almatynews.kz/

Алматыда Қарғалы өзенінің суы арнасынан асып, Райымбек даңғылына жайылып жатыр, - деп мәлімдеді АlmatyNews AA тілшісіне "Алматы қалалық құтқару қызметі" КММ баспасөз хатшысы Гауһар Нөкербекова.


Алматыда Қарғалы өзенінің суы арнасынан асып, Райымбек даңғылына жайылып жатыр, - деп мәлімдеді АlmatyNews AA тілшісіне "Алматы қалалық құтқару қызметі" КММ баспасөз хатшысы Гауһар Нөкербекова.

Қазіргі таңда белгілі болғаны, Райымбек даңғылының осы өзенмен қиылысқан тұсын су басқан. Алматы қалалық құтқару қызметі су тасқынын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, 23 шілде Қарғалы өзенінің суы бір метрге көтеріліп, Наурызбай ауданында сел жүрген болатын. Айта кетейік, "Қазгидромет" РМК Алматы облысында ескерту жариялады. "Ауа температурасының жоғарлауына және күтілетін жауын-шашындарға байланысты, 28-30 шілде аралығында Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде жаңбыр тасқыны қалыптасуы мүмкін, тауларда сел қаупі сақталады", - делінген синоптиктер таратқан хабарламада.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети