14 сәуір 2015 22:29

Алматыда Көк базардың маңындағы көпқабатты үйлердің бірі өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретті куәгерлер түсірді Суретті куәгерлер түсірді

Алматыда Көк базардың маңындағы көпқабатты үйлердің бірі өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД өкілі Айнұр Дүйсенге сілтеме жасап.


Алматыда Көк базардың маңындағы көпқабатты үйлердің бірі өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД өкілі Айнұр Дүйсенге сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдына ала мәлімет бойынша, ғимараттан 200 адам эвакуацияланды.

Оқиғаның куәгері Есенов көшесінің бойындағы 17 үйдің өртенгенін мәлімдеді. Әзірше өрттің неден шыққаны анықталмады.

Еске сала кетейік, сәуірдің 13-і күні, кеше Алматыдағы "Қағанат" асханасынан өрт шыққаны хабарланды. Асханаға келушілердің айтуынша, өрт 14.20 шамасында дәретханаға жақын жерде шықты. Бұл уақытта ғимаратта шамамен 150 адам болды. Олардың барлығы эвакуацияланды. Ал оның алдында Көктөбенің бөктерінде құрғақ шөптің тұтанып, өрт шыққаны белгілі болған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети