24 сәуір 2015 14:14

Алматыда көпірдің қирауынан 19 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Владимир Прокопенко ©Владимир Прокопенко

Алматыда көпірдің қирауынан 19 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖ департаментінің басшысының орынбасары Нұрлан Мадияровқа сілтеме жасап. Олар ауруханаға жеткізілді. Оның айтуынша, зардап шеккендердің үшеуі ауыр жағдайда жатыр.

ТЖД өкілдерінің айтуынша, көпірдің қирағаны жайлы хабар 11.57-де келіп түсті. Төтенше жағдай кезінде ұзындығы 125 метр, кеңдігі 11 метр болатын көпірде 52 адам болған. Оқиға орнына 200 адам және 100-ден аса дана техника барды. Көпірдің бетон құю кезінде қысымнан қирағаны анықталды. Қазіргі уақытта ТЖД қызметкерлері қирандыларды ашып жатыр. Мадияров қирандының астында қанша адамның барын айта алмады, бірақ 51 қызметкердің жұмыс орнында болғаны белгілі. Қазіргі уақытта тағы бір жұмысшының жағдайы анықталып жатыр.

Еске салайық, Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында орналасқан көпір құлаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети