01 сәуір 2021 10:50

Алматыда курьер Toyota-ға соқтығысты: мопед жолаушысы қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

28 наурызда Алматыда Toyota көлігімен соқтығысып, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен мопед жолаушысы ауруханада қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


28 наурызда Алматыда Toyota көлігімен соқтығысып, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен мопед жолаушысы ауруханада қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"28 наурызда Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен мопед жолаушысы қаладағы ауруханалардың бірінде қайтыс болды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Назар аударыңыз! Бұл видеоны жүйке-жүйесі әлсіз адамдарға көруге болмайды!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Алматы қаласы ПД басқармасы ҚР ҚК-ның 345-бабы 3-бөлігі "жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын жүргізуші адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын пайдалану" бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, 28 наурызда Алматыда мопедтегі курьер жол ережесін бұзып, Toyota көлігімен соқтығысқан болатын. Видео әлеуметтік желілерде таралды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан мопед жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети