22 мамыр 2015 14:33

Алматыда мектеп автобусының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан 6 бала зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Tengrinews.kz Иллюстрация © Tengrinews.kz

Алматыда мектеп автобусының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан алты бала зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда мектеп автобусының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан алты бала зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты 22 мамырда Қарасу ықшамауданында болды. "Барлығы 6 бала ауруханаға түсті. Олардың бесеуі - №1 балалар ауруханасында, ал бір бала №5 қалалық емханада жатыр", - деп хабарлады басқармадағылар. Жол апатының жай-жапсары анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, соңғы бірнеше күнде балалардың қасуымен осымен екінші рет ірі жол апаты болды. 20 мамырда сағат шамамен 12.00-де жүргізуші әйел, куәгерлердің айтуынша, артқа қарай жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, балабақша қоршауына соғылды. Көлік, тәрбиешілердің айтуынша, 26 бала ойнап отырған балалар алаңына барып түскен. Бір бүлдіршін қаза тауып, тағы сегізі жарақат алып, Алматы қалалық №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Кейін тағы бір баланың ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Балалар алаңына соғылған жүргізушінің кім екені анықталды. Ол - 46 жастағы әйел. Тергеу жүріп жатыр, әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгін, 22 мамырда оны қамауға алу туралы санкция шығарылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети