17 қыркүйек 2014 11:31

Алматыда мопедтің кінәсінен жеті автокөлікке зақым келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СТВ/"Территория происшествий" ©СТВ/"Территория происшествий"

Алматыда мопед жүргізушісінің кінәсінен жеті автокөлікке зақым келді, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда мопед жүргізушісінің кінәсінен жеті автокөлікке зақым келді, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Жароков және Шевченко көшелерінің қиылысында болды. Оқиға салдарынан екі адам түрлі жарақат алды. Mitsubishi Delica автокөлігі Жароков көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан, куәгерлердің айтуынша, ол Nissan-ды басып озбақ болған кезде одан мопед жүргізушісі озып кетуге тырысқан. Соқтығысудан сақтану үшін Delica жүргізушісі солға күрт бұрылып, Nissan-ға соққан. 

Nissan жол жиегінде тұрған RAV-4-ке соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан тағы бірнеше көлік зардап шекті. Delica солтүстік бағытта келе жатқан Toyota Camry автокөлігіне, оңтүстік бағытта келе жатқан Chevrolet-ке, содан кейін жол жиегінде тұрған Mitsubishi Outlander-ге де соқтықты. Соғылған көліктер тағы бір Chevrolet-ке зақым келтірді.

Куәгерлердің айтуынша, мопед жүргізушісі бұл кезде жол-көлік оқиғасын сырттай бақылап, кейін оқиға орнынан кетіп қалған. Зардап шеккендер - Delica жүргізушісі мен Toyota Camry жолаушысы.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети