15 маусым 2014 12:03

Алматыда өрттен екі адам мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Алматыда өрттен екі адам мерт болып, үш адам ауруханаға жатқызылған, оның ішінде сәби де бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда өрттен екі адам мерт болып, үш адам ауруханаға жатқызылған, оның ішінде сәби де бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өрт 14 маусым күні сағат 11:03-те Түркісіб ауданындағы "Алматы логистик орталығы" ЖШС-да болған. "Тігін цехы мен наубайхана орналасқан бір қабатты ғимараттан өрт шыққан. Сағат 11:50-де өрттің өршуі тоқтатылып, 12:40-та толығымен сөндірілген. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 50 қызметкері мен 13 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды", - деп өртке қатысты түсініктеме берді Алматыдағы ведомства. 

Оқиға орнынан 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Төрт адам, оның ішіндегі сегіз жасар бала да денелерi күйіп және газдан уланып ауруханаға жатқызылды. 31 жастағы зардап шеккен ер адамның бірі ауруханада көз жұмды. Бұл өрт 750 шаршы метр аумақты шарпыды. 300 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиғаның нақты себебі әлі анықталған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети