22 қараша 2016 14:49

Алматыда полиция подполковнигі жезөкшелерге жүргізіліп жатқан жедел шаралар жайлы ескертіп отырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жезөкшелерді Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында жасырып, оларды ұстау мақсатында жүргізіліп жатқан жедел шаралар жайлы ескертіп отырған полиция подполковнигі 10 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда жезөкшелерді Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында жасырып, оларды ұстау мақсатында жүргізіліп жатқан жедел шаралар жайлы ескертіп отырған полиция подполковнигі 10 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабының 3-бөлігі ("Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу"), 28-баптың 5-бөлігі ("Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi"), 309-баптың 3-бөлігі ("Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық"), 361-баптың 4-бөлігі ("Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану") бойынша айыпталып отырған полиция подполковнигіне қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Соттың баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, 2015 жылдың маусымында полиция подполковнигі қызметін пайдалана тұра, жеңгетайлықпен айналысатын Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына кіріп, интим қызметтерді көрсететін қыздарды жасырып жүрген. Сондай-ақ, ол жезөкшелерге жүргізіліп жатқан жедел шаралар туралы ескертіп отырған. Сол қызметі үшін ай сайын 150 мың теңгеден аса ақша алып тұрған.

Соттың шешімімен полиция подполковнигі ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабының 3-бөлігін, 28-бабының 5-бөлігі, 309-бабының 3-бөлігі, 361-бабының 4-бөлігі және 58-баптың 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан айырылып, мүлкі тәркілеінп, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейін болады. Және соттың үкімі бойынша, ол полиция подполковнигі деген арнайы атағынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети