02 сәуір 2016 14:25

Алматыда ірі жол апаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© СТВ © СТВ

Алматыда жаппай жол-көлік оқиғасы болып, екі адам зардап шекті, арасында бір бала бар, бұл туралы СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі хабарлады.


Алматыда жаппай жол-көлік оқиғасы болып, екі адам зардап шекті, арасында бір бала бар, бұл туралы СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі хабарлады.

Оқиға Райымбек даңғылында болды, жол апатына қатысқан көліктер осы көшеде кетіп бара жатқан. Өзге көліктердің жүргізушілерінің айтуынша, жол апатының болуына Peugeot автокөлігін басқарған ер адам себепші. "Peugeot алдымен Mazda автокөлігімен соқтығысты, ол соққыдан Nissan темір тұлпарына барып соғылды, ал келе жатқан көлік Mercedes-ке. Ал Mercedes басқа бір Mercedes-ке. Осылайша, шамамен жеті көлікке зақым келді", - деді куәгерлер.

Оқиға салдарынан екі адамның зардап шеккені анықталды - Mazda жүргізушісі мен Nissan автокөлігінде отырған бала. Олар ауруханаға жатқызылды. Оқиғаға қатысты өзге мәліметтер әлі хабарланған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети