23 шілде 2015 07:24

Алматыда селге байланысты 200-ге жуық адам эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы мәлімет бойынша, Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы ТЖД жеке құрамының, ҚР ІІМ ТЖК аймақтық бөлімшелерінің АҚ дабылы бойынша жиыны белгіленді.


Соңғы мәлімет бойынша, Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы ТЖД жеке құрамының, ҚР ІІМ ТЖК аймақтық бөлімшелерінің АҚ дабылы бойынша жиыны белгіленді.

ҚР ІІМ ТЖК аймақтық бөлімшелері жергілікті атқару органдарымен, қаланың азаматтық қорғаныс қызметтерімен бірге Қарағалы өзенінің бойында су басу аймағындағы елді мекеннің зардап шеккен тұрғындарын іздестіру және эвакуациялық бойынша аралап шығу жұмыстары ұйымдастырды.   

№176 орта мектепте, сонымен қатар Наурызбай аудандық әкімдігінде халықты қабылдау және медициналық, психологиялық көмек, сумен және азық-түлікпен қамтамасыз ету пункттері ашылды. Қарғалы өзенінің аймағынан ҚР ІІМ ТЖК бөлімшелері 191-ден аса адамды №176 мектепке эвакуациялады. 

"Қазселқорғау" мемлекеттік мекемесінің өкілдері су бөгетінің жарылмағаны жайлы мәлімет беріп отыр, суды шлюздер арқылы жүргізу жұмыстары жүріп жатыр. Визуалды тексерістен бөгеттің бұзылмағаны белгілі болды, су өзен бойымен екі шлюз арқылы ағып жатыр, қазіргі уақытта қажеттілігі бойынша эвакуация жұмыстары жүріп жатыр. Қалаға қатер жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Су бөгеті жарылған жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар, полиция, ТЖД қызметкерлері және әкімдіктің өкілдері жұмыс істеп жатыр - шамамен 400 адам және техниканың 85 данасы жұмылдырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети