14 қазан 2015 12:41

Алматыда трамвайдың қатысуымен болған жол апатынан 5 адам зардап шекті - дәрігерлер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер Владимир жолдаған сурет Куәгер Владимир жолдаған сурет

Алматы қаласындағы Мақатаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында трамвайдың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы Нұржан Исабеков хабарлады. Хабар жедел жәрдемге сағат 19.00-де түскен.


Алматы қаласындағы Мақатаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында трамвайдың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы Нұржан Исабеков хабарлады. Хабар жедел жәрдемге сағат 19.00-де түскен.

"Зардап шеккен бес адамның біреуі ғана жүргізуші, ол ауруханаға жатудан бас тартты", - деді Исабеков. Екі адам №7 қалалық ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі үйіне жіберілді, алайда ол тұрғылықты жері бойынша мамандардың бақылауында болады, себебі оның бас тіндері зақымданған. Екінші адам жансақтау бөлімінде жатыр, ол ашық бассүйек-ми жарақатын алған, жағдайы ауыр. 

Айта кетейік, бұған дейін трамвайдың Алматыда көліктерді соққан сәті бейнеленген видеоның пайда болғаны хабарланған еді. Оқиға 13 қазан күні кешке болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Мақатаев көшесінің бойымен қозғалып бара жатқан трамвай белгісіз себептермен Сейфуллин даңғылымен қиылыста он автомобильді соғып, кейін қозғалысын жалғастыра отырып тағы төрт көлікпен соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы трамвайдағы ақаулардан болған. Бұл дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркеуге алынды.

Бұған дейін тағы бір трамвайдың қатысуымен жол-көлік оқиғасы Алматыда 2015 жылдың 21 қыркүйегінде болған еді. Көп ұзамай оқиғаның видеосы да жария болды. Жүргізушісіз қалған трамвай өздігінен жүріп кетіп, 17 автокөлікті соқты. Салдарынан 5 адам жарақат алды. Таяуда олардың жағдайы жайлы дәрігерлер мәлімет берген еді. Куәгерлердің айтуынша, трамвайдың тізгінде ешкім болмаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети