24 қараша 2015 22:18

Алматыда үш адам үйіндінің астында қалып, қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы ТЖД © Алматы ТЖД

Алматыда жер қазу жұмыстары кезінде үш адам қаза тапты. Олардың бірінің аты-жөні анықталмады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі қаланың ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

"2015 жылдың 24 қарашасында 16.43-те "112" пультіне Әуезов ауданындағы Сәдуақасов көшесінің бойында №2 үйдің маңында адамдардың топырақ үйіндісінің астында қалып қойғаны жайлы хабар жетті. Мәлімет оқиға орнында расталды. Жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде топырақ түсіп кеткен. Үйіндінің астынан үш мәйіт табылды", - делінген хабарламада. 

Оқиға орнына Әуезов ауданының ТЖ жөніндегі бөлімінен екі қызметкер, Алматы қалалық Құтқару қызметінен 8 қызметкер, Республикалық жедел-құтқару жасағынан 11 қызметкер барды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети