02 сәуір 2016 11:18

Алматыда үш ер адам полицейлердің погонын жұлып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Алматыда үш ер адам полицейлерге қарсылық білдіріп, погондарын жұлып алды, ал полиция қызметкерлерінің бірінің, алдын ала мәлімет бойынша, саусағын сындырды. Бұл туралы СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі хабарлады.

Кейін белгілі болғандай, үш адам отырған Mercedes автокөлігін Сайын көшесінің бойында Жұбанов және Ұлықбек көшелерінің қиылысы маңында патрульдік полиция тоқтатқан. Алайда құжаттарын тексеру барысында ер адамдар сабырсыздық танытып, тәртіп сақшыларына қарсылық білдірген. Олардың бірінің погонын жұлып алып, алдын ала мәлімет бойынша, екіншісінің саусағын сындырған. 

Оқиға орнына полицияның қосымша жасағы келді. Бұзақылар ұсталып, Әуезов аудандық ІІБ-ге жеткізілді. Оқиға кезінде жүргізуші мен екі жолаушының мас болғаны немесе болмағаны анықталып жатыр. Полиция бұл оқиғаға қатысты комментарийді кейінірек береді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети