19 мамыр 2014 13:04

Алматыда үйсіз адам көлік ұрлап, жол апатын жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©СТВ телеканалы  "Территория происшествия" бағдарламасының кадры ©СТВ телеканалы "Территория происшествия" бағдарламасының кадры

Тұрақты мекен-жайы жоқ ер адам ұрлаған көлігімен жол көлік оқиғасын жасады, деп хабарлайды СТВ телеарнасы "Территория происшествия" бағдарламасының тілшісі. Бұл оқиға 17 мамыр күні таңертең болған.


Тұрақты мекен-жайы жоқ ер адам ұрлаған көлігімен жол көлік оқиғасын жасады, деп хабарлайды СТВ телеарнасы "Территория происшествия" бағдарламасының тілшісі. Бұл оқиға 17 мамыр күні таңертең болған.

Күдікті Mazda маркалы автокөлікті Сайран автовокзалының алдынан айдап әкеткен. Жүргізуші кілтін көліктің ішіне тастап, аз уақытқа шығып кеткен. Қаскүнем осы сәтті пайдаланған. Ер адам айдап әкеткен көлігімен біраз серуендегісі келген, алайда Райымбек пен Петрова көшелерінің қиылысында жол көлік оқиғасына ұшыраған. Mazdа толық жүріспен Lexus RX-300 көлігін соққан. Бұл қақтығыстан ешкім зардап шеккен жоқ. Көлікті айдап әкетушінің өзінде ешқандай құжат болмаған. Ол қылмыс жасар уақытта мас күйде болуы мүмкін деп болжанып отыр. 

"Автокөлікті басқара алмадым, ештеңе ішкен жоқпын. Өзім Талдықорғаннанмын, мұнда әйелім мен үш балам бар", - дейді көлікті айдап әкеткен ер адам.

Lexus көлігі жүргізушісінің айтуынша, жол апаты кезінде ол көлікте жалғыз болған. "Райымбек даңғылымен шығыс бағытқа қарай келе жатқанмын, артты көрсететін айнаға қарағанымда маған қарай жоғары жылдамдықпен Mazdа-626 автокөлігі келе жатқанын байқадым. Қатты соққы болды. Көлікте жалғыз болдым, еш жеріме зақым тиген жоқ. Ал Mazdа көлігінде тек жүргізуші отырды, ол мас күйде болды", - дейді Lexus жүргізушісі.

Оқиғаға қатысушылардың барлығы, сонымен бірге ұрланған көліктің иесі де Әуезов аудандық ішкі істер басқармасына кетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети