20 қараша 2015 10:00

Алматыда заңсыз тұрақшыларды ұстау сәті Periscope арқылы көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры. @akimat_almaty/Instagram Видео кадры. @akimat_almaty/Instagram

Алматы қаласында жүргізушілерден заңсыз түрде ақша жинайтын тұрақ қызм еткерлерін ұстау бойынша рейд жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. Акция Periscope арқылы тікелей таратылды.


Алматы қаласында жүргізушілерден заңсыз түрде ақша жинайтын тұрақ қызм еткерлерін ұстау бойынша рейд жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. Акция Periscope арқылы тікелей таратылды.

"Алматы қаласында Көк базардың маңында автотұрақтарда заңсыз ақша жинау дерегін анықтау бойынша рейд жүргізілді. Деректерді анықтауда қала көшелеріндегі тұрақ қызметкерлері ақша жинаған жағдайда 109 бірыңғай номеріне хабарласу керек", - делінген әкімдіктің Instagram желісіндегі ресми парақшасында. 

Еске салайық, 20 қазанда Алматының көлік тұрағы инфрақұрылымын дамыту мәселесіне қатысты өткен жиында 1 қарашадан бастап тротуарлық типтегі автотұрақтарға ақының төленбейтіндігі жазылған еді. Салық төлеу кезінде заңбұзушылықтардың көптеп болуымен және келісімшарттағы міндеттердің орындалмауынан осындай шешім қабылданған. 

"Бұл тыйымдар сауда орындарындағы, ойын-сауық орталықтары мен әуежай, вокзал және басқа да жер телімдерінде орналасқан автұрақтарға қойылып отыр. Тыйым салу 2016 жылы Алматы қаласындағы Ақылы автотұрақтар жүйесі енгізілгенге дейін қолданылатын болады", - деп жазылған хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети