27 шілде 2016 09:51

Алматыдағы Арбат маңында шыққан өрт сөндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" / СТВ © "Территория происшествий" / СТВ

Арбат маңында шыққан өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.


Арбат маңында шыққан өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.

"2016 жылдың 27 шілдесінде "101" пультіне куәгерден Алмалы ауданы Панфилов көшесі "Д.А.Қонаев халықаралық қоры" 99 үйінің өртеніп жатқаны жайлы хабар түсті. Бірінші өртсөндіру бөлімшелері оқиға орнына 4 минуттан кейін 7.53-те жетті. Өртті сөндіруге ғимараттың алдыңғы беткі құрылымы мен шатырының құрылысы, сонымен қатар екі қабатты металл шатыры қиындықтар туғызды. Сөндіру кезінде материалдық құндылықтар қауіпсіз жерге жеткізілді", - деп хабарлады қалалық ТЖД өкілдері. 

Айтуларынша, өрт 9.26-да сөндірілді. Өрт шалған аумақ 150 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Айта кетейік, бұл ғимарат 1860 жылы салынған екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети