18 мамыр 2015 19:51

Алматыдағы дауылдың салдарынан 15 адам зардап шекті - ТЖД

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Алматыдағы дауылдың салдарынан 15 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ағаштардың құлауынан олар түрлі жарақат алған. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендердің ішінде екі бала бар.

Алматы қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас инженері Нияз Нұрахметовтың айтуынша, қала бойынша 164 ағаш құлау оқиғасы тіркелген. Құтқарушыларға 112 қоңырау келіп түскен. Қазір қала көшелері мен алаңдары сынған ағаштардың бұтақтарынан тазаланып жатыр. ТЖД хабарлауынша, Алматы облысындағы өзендер мен көлдерге жауын ешқандай әсерін тигізген жоқ.

Еске сала кетейік, 16 мамырда Алматыда қатты дауыл тұрғаны хабарланған болатын. Қатты желдің салдарынан қаланың кейбір көшелерінде ағаштар құлап, электр сымдары үзілді. Ауа райындағы келеңсіздіктерге байланысты әуежайда бірнеше рейс тоқтатылды. Алматы қалалық ІІД хабарлауынша, дауыл кезінде желдің жылдамдығы секундына 11 метрге дейін жеткен. Қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети