19 наурыз 2015 09:36

Алматыдағы жаппай төбелес дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры. ©TengrinewsTV Видео кадры. ©TengrinewsTV

Алматыда болған жаппай төбелеске қатысушылардың үшеуі ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда болған жаппай төбелеске қатысушылардың үшеуі ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлер Интернетте жарияланған видео жөнінде тиісті тексеру жүргізген, соның шеңберінде бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі - "Бұзақылық" бойынша тіркеуге алынды. "Біздің бөлімше қызметкерлері видеоға түсіп қалған жігіттердің кім екенін анықтады. Олардың үшеуі ұсталды, төбелестің басқа қатысушылары алдағы уақытта ұсталатын болады. Бүгінгі таңда бұл дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр. Оның шеңберінде оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталады. Айта кетейін, төбелес салдарынан оған қатысушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады Алмалы аудандық ІІБ бастығы Асқар Болатов. 

Еске салайық, Интернетте Алматыда студенттер арасындағы төбелестің видеосы пайда болған еді. Оқиға 17 наурыз күні Қазыбек би және Досмұхамедов көшелерінің қиылысында болды. Төбелес сыртқы бақылау камерасына түсірілген. Кадрлардан 20-ға жуық жігіттің бір-біріне қол жұмсап жатқанын көруге болады. Төбелесушілердің бірінің қолында шоқпар сияқты құрал бар. Тағы бір жігіт тапаншамен қаруланған. Жігіттердің бірі қатты соққыдан есінен танып құлап қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети