23 шілде 2015 | 06:19

Алматыдағы Наурызбай ауданында сел жүрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Дәурен Исаев ©Дәурен Исаев

Алматыдағы Наурызбай ауданында сел жүрді, - деп хабарлайды СТВ арнасыдағы "Территория происшествий" бағдарламасы.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Наурызбай ауданында сел жүрді, - деп хабарлайды СТВ арнасыдағы "Территория происшествий" бағдарламасы.

Су басу аймағында Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысының аймағы, Дружба және Ақжар ауылдары қалып қойды. Полиция оқиға орнын қоршауға алды. ҚР ІІМ және ІІМ ТЖК жеке құрамы, сонымен қатар ішкі әскердің әскери бөліміне дабыл қағылды. Куәгерлердің айтуынша, су Яссауи көшесінің бойымен Райымбек даңғылына қарай ағып жатыр. 

Кезекші бөлімге бір әйел хабарласып, Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысындағы дәріханада жұмыс істейтін қызын құтқаруды сұраған.

Куәгерлерлің хабары бойынша, қаладан шығып кету жолында, "Алтынорда" базарының ауданында жол кептелісі пайда болды. Кейбір жолдарды ІІМ қызметкерлері қоршауға алған. "Апорт" сауда, ойын-сауық кешенінің аумағында да көлік көп.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сел жүрген орыннан тікелей репортажды мына жерден көре аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети