27 наурыз 2016 14:29

Алматыдағы Сайын көшесінде жарты сағаттың ішінде екі ірі жол апаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Алматыдағы Сайын көшесінде 27 наурызға қараған түні екі ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыдағы Сайын көшесінде 27 наурызға қараған түні екі ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Бірінші жол апаты Ұлықбек көшесіне жетпей, Сайын көшесінің бойында болды. Opel және Toyota Camry автокөліктері соқтығысып қалды, олар солтүстікке қарай бет алған. Жол-көлік оқиғасына куәгер болғандардың айтуынша, Opel жүргізушісі рульге ие бола алмай, қоршауға соғылған, осыдан кейін Toyota Camry автокөлігіне барып соғылды, ешкім зардап шеккен жоқ.

Жол апатының салдарынан туындаған жол кептелісінде сол оқиғадан кейін 30 минут өткенде Сайын көшесінде тағы бір жол-көлік оқиғасы болды. Сайын көшесімен солтүстік бағытта автобус, Volkswagen Passat, Subaru Outback және Subaru Forester жүріп бара жатқан. Куәгерлердің айтуынша, автобустың, Volkswagen Passat пен Subaru Outback автокөліктерінің жүргізушілері көлік кептелісі үшін тоқтаған, ал Subaru Forester автокөлігінің жүргізушісі мұны байқамай, жоғары жылдамдықпен келе жатып, жол апатын болдырмау үшін оң жаққа қарай бұрылып, Volkswagen мен туннельдің ортасынан өтіп, аударылып қалды. Volkswagen мен Subaru Outback соққыдан кейін автобусқа барып соғылды. Subaru Forester автокөлігінде отырған жолаушы зардап шекті.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети