27 қараша 2014 05:03

Алматыдан 12 шақырымда жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©some.kz ©some.kz

26 қараша күні Алматы уақыты 23.57-де оңтүстік астанаға жақын маңда жер сілкінісі болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,6. Магнитудасы - 4,2. Эпицентрдің координаттары: солтүстік кеңдіктің 43.09 градусы, шығыс ұзақтықтың 76.89 градусы. Тереңдігі - 10 шақырым. Оңтүстік астанада жер сілкінісі екі балл түрінде сезілді", - делінген some.kz сайтында. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 12 шақырымда анықталды.

Тербелісті қаланың жоғарғы бөлігінің тұрғындары сезінді. Куәгерлердің айтуынша, пәтерлерде ыдыс-аяқ салдырлап, ілініп тұрған заттар дірілдеген.

Еске сала кетейік, мұның алдында 14 қараша күні Қырғызстан аумағында магнитудасы 5,6-ға тең жер сілкінісі болған еді. Оның эпицентрі Алматыдан 106 шақырымда анықталды, оңтүстік астанада жерасты дүмпулері МSК-64 шкаласы бойынша 3-4 балл түрінде сезілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети