19 қазан 2015 11:30

Алматыдан 126 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© some.kz © some.kz

Магнитудасы 4,2-ге тең жер сілкінісі Алматыдан 126 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап. 

Жерасты дүмпулері 19 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 10.21-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Ыстықкөл жағалауынан оңтүстік-батысқа жақын жерде болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 9,2, тереңдігі - 15 шақырым. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның оңтүстік-шығысында магнитудасы 4,1-ге тең жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі Астана уақыты бойынша 10 қазанда сағат 10.09-да тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 282 шақырым қашықтықта болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети