01 қыркүйек 2015 09:59

Алматыдан 285 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz мұрағатынан Тengrinews.kz мұрағатынан

Қытай аумағында магнитудасы 4,4-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.


Қытай аумағында магнитудасы 4,4-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері 1 қыркүйек күні сағат 00.26-да тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 285 шақырым қашықтықта болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 9,6, тереңдігі - 10 шақырым. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, 17 тамызда Қазақстан аумағында магнитудасы 4,8-ге тең жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі Астана уақыты бойынша 17 тамызда сағат 12.08-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматының солтүстігіне қарай 251 шақырым қашықтықта болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 10,1, тереңдігі - 15 шақырым. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети